Күріштің көмегімен асқазаныңызды тазартыңыз
Күріштің асқазанға пайдасы мол екенін бәріңіз жақсы білетін шығарсыздар. Ол - асқазанды түрлі зәр, уыттан сақтайтын тағам түрі. Сол себепті тері де тазарып, бауырдың жұмыс жасау қызметі мен зат алмасу процесі жақсарады. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға тибет даналарының керемет бір әдісін ұсынғымыз келіп отыр.
Ең қарапайым күрішті алыңыз. Оның мөлшері сіздің жасыңызбен бірдей болуы керек. Мысалы, сізге 35 жас болса, 35 ас қасық күріш.
Оны жақсылап жуып, банкіге салыңыз. Кейін күріштің үстіне қайнаған жылы су құйып, қақпағын жауып, тоңазытқышқа қойыңыз.
Таңертең банкідегі суды төгіп, бір ас қасық күрішті алып, 3-4 минут тұзсыз, сүтсіз, ешқандай қоспасыз қайнатыңыз. Дайын болған соң оны міндетті түрде аш қарынға тұтыныңыз.
Ал қалған күрішке қайтадан қайнаған су құйып, тоңызытқышқа салып қоюыңыз керек. Банкідегі барлық күріш біткенге дейін осылай жасаңыз.
Бұл емделу курсы сіздің асқазаныңызды да, теріңізді де тазартады және жасартады. Бірақ бір ескере кететін жайт, күрішті жегеннен кейін 3 сағат ештеңе ішпеуіңіз керек. Нәтижесінде түрлі аурудың алдын алып, денсаулығыңызды жақсартасыз.
Ем болсын!